Жаңалықтар

UFC-дің бұрынғы жауынгері автобус астында қалып көз жұмды

UFC-дің бұрынғы жауынгері автобус астында қалып көз жұмды
Фото: instagram.com/felipecabocaoufc 02.05.2023 10:11 486

Бұрынғы UFC жауынгері Фелипе Коларес 29 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бразилияның Combate басылымы мәлім еткендей, Коларес Рио-де-Жанейрода автобус астында қалып көз жұмған.

Оқиға 1 мамырда таңертең Гуаратиба ауданында болды. Бұл уақытта Коларес жаттығудан келе жатқан екен.

Шұғыл әрекет ету қызметкерлері Колористі ауруханаға алып кеткенімен, ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Айта кету керек, Фелипе Коларестің еншісінде 11 жеңіс пен төрт жеңіліс бар. Соңғы уақытта ол француздың Ares лигасында өнер көрсетіп жүрген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға