Жаңалықтар

UFC: Асу Алмабаев үздік 20-ның қатарына енді

UFC: Асу Алмабаев үздік 20-ның қатарына енді
Фото: instagram.com/asu_zulfikar57 09.08.2023 14:16 851

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дегі жарқын жеңісінен соң жеңіл салмақтағы 20 үздік спортшының қатарына енді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мұндай қорытындыны Fightmatrix сайты жасап отыр.

Асу UFC-дегі алғашқы айқасында ямайкалық Одди Осборнды қылқындыру әдісімен жеңді. Осыдан соң ол рейтингте 19-орынға көтерілді.

29 жастағы қазақстандық спортшы Расул Албасханов (АСА), Мансур Малачиев (ONE), Бруно Сильва (UFC), Имран Букуев (АСА), Мет Шнель мен Стив Ерцегті (UFC) жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, «Зульфиқардың» жекпе-жегі UFC on ESPN 50 аясында 6 тамызда Нэшвиллде өтті. 8 тамызда спортшы елге оралды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға