Жаңалықтар

UEFA Ұлттар лигасы: Қазақстан Словакияны жеңді

Фото: prosports.kz
UEFA Ұлттар лигасы: Қазақстан Словакияны жеңді
07.06.2022 09:00 7461

Қазақстан құрамасы 2022 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы екінші ойынын Словакияға қарсы өткізді, деп хабарлайды El.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Словакияда өткен матчта Қазақстан құрамасы сенсация жасап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матч тағдырын шешкен жалғыз голды алғашқы таймда Аслан Дарабаев соқты.

Айта кетейік, Магомед Адиев шәкірттері бұған дейін Әзербайжан құрамасынан 2:0 есебімен басым түскен еді.

С лигасы үшінші тобында қазақстандық футболшылар 6 ұпаймен көш басында тұр. Одан кейінгі орындағы Словакияның 3 ұпайы болса, Беларусь пен Әзербайжанның бір-бірден ұпайы бар.Енді Қазақстан құрамасы келесі ойынын 10 маусымда сырт алаңда Беларусьқа қарсы өткізсе, одан кейін 13 маусымда өз алаңында Словакияны қабылдайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға