Жаңалықтар

УЕФА түрмеде жатқан Қайрат Боранбаевтың қызметін сақтап қалған

УЕФА түрмеде жатқан Қайрат Боранбаевтың қызметін сақтап қалған
Фото: Mcdonalds.kz 02.08.2023 14:03 850

УЕФА түрлі комитеттер тізімін жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ұйымдардың қатарында қазақстандықтар да бар.

Фэйрплей және әлеуметтік жауапкершілік комитетінің құрамында Қайрат Боранбаев қалған. Ол екінші вице-төраға ретінде көрсетілген. Бұл УЕФА-ның Боранбаевқа қолдауының көрінісі болса керек.

Оқи отырыңыз:

Ал Jira бағдарламасына Қазақстан атынан, неге екені белгісіз, молдовалық маман Геннадий Скуртул ұсынылған.

УЕФА-дағы өзге қазақстандықтар:

  • Әділет Барменқұлов – ұлттық қауымдастықтар комитеті
  • Қайрат Оразбеков – футзал және жағажай футболы комитеті
  • Бағдат Қасенов (ҚФФ басқарушы директоры) – стадиондар қауіпсіздігі комитеті
  • Олжас Абраев – ойыншылар мәртебесі, трансфер және матчтық агенттер жөніндегі комитет
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға