УЕФА Қазақстан құрамасының жеңісіне қатысты пікір білдірді
12.09.2023 10:51
Фото:
Қазақстан футбол федерациясы
УЕФА-ның ресми сайты футболдан Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасының Солтүстік Ирландияны (1:0) жеңуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстан құрамасының әлемдік рейтингтегі орны анықталды
- Мемлекет басшысы футболдан ел құрамасын жеңісімен құттықтады
Максим Самородовтың әдемі соққысы Қазақстан құрамасына Солтүстік Ирландияны жеңуге мүмкіндік берді. Тағы бір сәтте қақпаға тура бағыт алған соққыны қайтарып қалды. Қазақстандықтар топтарында рекордтық 12 ұпайға қол жеткізіп, Еуро-2024-ке шығу үшін күресті жалғастыруда, - делінген хабарламада.
Алты турдан кейін еншісінде 12 ұпайы бар Қазақстан құрамасы Н іріктеу тобында төртінші орында келеді. Бұған дейін отандық команда әлем және Еуропа чемпионаттарына іріктеуде 10 ұпайдан артық жинаған емес.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

