Жаңалықтар

Қазақстан құрамасының әлемдік рейтингтегі орны анықталды

Қазақстан құрамасының әлемдік рейтингтегі орны анықталды
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 11.09.2023 20:47 1047

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Финляндия және Солтүстік Ирландия құрамаларымен кездесуден кейін әлемдік рейтингтегі орны жаңарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

7 қыркүйекте құрамамыз финдерді қабылдап, 0:1 есебімен ұтылып қалды.

Ал кеше, 10 қыркүйекте, Магомед Адиев шәкірттері Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен жеңді. Осылайша Қазақстан 8,70 ұпайға иелік етіп, 1 206,94 ұпайға қол жеткізді. Сол арқылы құрамамыз 104-сатыдан 101-орынға көтерілді. Алғашқы жүздікті қорытындылап тұрған Беларусьтен 0,997 ұпайға қалып келеміз.

Айта кетейік, бұл рейтингте Қазақстан 2016 жылы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ол кезде құрамамыз кестеде 86-орынға көтерілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға