Жаңалықтар

ҰБТ-ға дайындық сабақтарын онлайн көруге болады

Тегін сабақтар 27-30 желтоқсан аралығында өтеді
ҰБТ-ға дайындық сабақтарын онлайн көруге болады
Фото: egemen.kz 26.12.2022 18:00 2124

Ұлттық тестілеу орталығы ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған тегін онлайн сабақтар кестесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Онлайн сабақтарды республиканың үздік білім беру орталықтары жүргізеді. Сабақтар білім беру орталықтарының жеке YouTube арнасында өтеді.

Онлайн сабақтар кестесі:

27 желтоқсан:

  • Сағат 14.30. Химия пәні (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Daryn Online, Інжу Қуаныш.
  • Сағат 16.00. Ағылшын тілі (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Daryn Online, Гүлмира Маматова.
  • Сағат 16.00. Ағылшын тілі (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Educon & Dostyq, Азат Кәрібозов.
  • Сағат 20.00. Қазақ тілі (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Qazbilim, Сәрсенбек Бақытұлы.

28 желтоқсан:

  • Сағат 20.30. Математика (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Joo.kz, Темірлан Марксов.
  • Сағат 21.00. Қазақстан тарихы (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Тарих мектебі, Оразбек Әбсаттар.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға