Жаңалықтар

U-17:Қазақстан құрамасы Даму кубогында кезекті жеңісіне жетті

U-17:Қазақстан құрамасы Даму кубогында кезекті жеңісіне жетті
Фото: ҚФФ 07.02.2023 20:02 844

Қазақстан құрамасы (U-17) Өзбекстанмен (U-16) кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Ойынның оныншы минутында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ілияс Әбіл есеп ашты. Араға тура 10 минут салып шабуылшы Тамерлан Ағыманов есепті еселей түсті.

Матчтың соңғы минутында ойынға екінші таймда араласқан Виктор Лакеев көзге түсіп, кездесуге нүкте қойды.

Қазақстан құрамасының сапынан матчтың үздік ойыншысы болып Ілияс Әбіл танылды. 

Енді Александр Кузнецовтың командасы топтық кезеңнің шешуші ойынын 9 ақпан күні елорда уақытымен 21:00-де Беларусь құрамасымен өткізеді.

Еске салайық, футболшыларымыз бұған дейін Ресей құрамасын (U-16) 1:0 есебімен жеңген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға