Жаңалықтар

ТЖМ жаңа жылдық іс-шараларды қауіпсіз өткізуге шақырады

ТЖМ жаңа жылдық іс-шараларды қауіпсіз өткізуге шақырады
Фото: gov.kz 20.12.2023 08:30 493

«Атамекен» ҰКП алаңында «Қауіпсіз жаңа жыл» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл іс-шараның мақсаты кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында мерекелік жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалануға қоғамның назарын аудару бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Баспасөз мәслихатында өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов, ІІМ және Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері баяндама жасады.

Дмитрий Титов өз сөзінде өткен жылғы жаңа жылдық мерекелер кезеңде, атап айтқанда 2022 жылғы 22 желтоқсаннан 2023 жылғы 2 қаңтарға дейін елде 398 өрт болып, 14 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алғанын хабарлады. Сонымен қатар, өрттің көбі 31 желтоқсан мен 1 қаңтарда болды, онда 80-нен астам өрт болып, оның ішінде 7 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды.

Жаңа жылдық мерекелерді өткізу уақыты аса қауіпті кезең болып саналады. Бұл әсіресе жаңа жылдық мерекелерді өткізу орындарына қатысты. Онда оларды ұйымдастыру және өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын қатаң сақтау қажет. Жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар адамдар көп жиналатын көптеген объектілерде өтеді және осы мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезеңінде адамдардың көп жиналуын ескере отырып, халықтың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне жауапкершілікпен қарау қажет, - деп атап өтті Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары.

ТЖМ еске салады:

- мерекені өткізер алдында үй-жайлардың жай-күйін, олардың өрт қауіпсіздігінің барлық ережелеріне қаншалықты сәйкес келетіндігін міндетті түрде тексеру қажет;

- үй-жайларда пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға қатаң тыйым салынады;

- адамдар жаппай жиналатын үй-жайдан, ал бұл 50 және одан да көп адам жиналатын орында кемінде 2 эвакуациялық шығу жолы болуы тиіс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға