Жаңалықтар

ТЖМ тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керегін еске салды

ТЖМ тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керегін еске салды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 16.06.2024 23:43 298

Төтенше жағдайлар министрлігі жаз мезгілінде тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ-нің ескертуіне сәйкес, таудағы қауіпсіздік ережелері:

  • Маршрутыңызды егжей-тегжейлі зерттеңіз.
  • Сел қаупі бар жерлерден, әсіресе жаңбырдан кейін аулақ болыңыз.
  • Жақындап келе жатқан сел ағынының шуын естігеннен кейін бірден 50-100 метр жоғары көтерілу керек.
  • Бұл ретте ұзақ қашықтыққа гүрілдеген ағыны селдің өмірге қауіп төндіретін үлкен салмақты тастардың ұшыратуы мүмкін екені есте сақтаңыз.
  • Әрқашан есіңізде болсын, сел ағынынан тек қашу арқылы құтылуға болады.
  • 112 бірыңғай нөмірінен ескертулерді қадағалаңыз, сел қаупі төнген жағдайда тауға баруды кейінге қалдырыңыз.
  • Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз!

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға