Жаңалықтар

ТЖМ Шығыс Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы мәлім етті

ТЖМ Шығыс Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы мәлім етті
Фото: Видеодан кадр 11.02.2024 20:08 688

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы су тасқынына қатысты ахуал белгілі болды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Зайсан ауданы, Зайсан қаласы. 

Сыртқы ауа температурасының жылынуы және түнде жауын-шашынның түсуіне байланысты таулы жерлерде қар еріді. Нәтижесінде Жақсылық пен Ноғамбай көшелерінен су ағып жатыр.

Жұмысқа ЖАО, ТЖД, Шекара басқармасы мен полициядан тұратын барлығы 50 адам, 15 бірлік техника жұмылдырылды.
Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.

Катонқарағай ауданы, Жұлдыз ауылы.

Қардың еруі нәтижесінде Амангелді көшесіндегі бір тұрғын үйдің ауласында су жиналған. Тұрғын үйге қауіп жоқ. Алдын алу жұмыстары үшін ТЖД-дан 5 адам, 1 бірлік техника, 1 мотопомпа жұмылдырылды. Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.

Катонқарағай ауданы, Көкбастау ауылы. 

Қардың еруі нәтижесінде Абай көшесінің 3 ауласын су басу қаупі туындады.
Жұмыстарға ЖАО, ТЖД 3 адам, 2 бірлік техника, 1 мотопомпа жұмылдырылып, сәтті аяқталды.
Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға