Жамбыл облысына келген Қазақстан ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мамандары сейсмикалық жағдайды егжей-тегжейлі мониторингілеу мен талдауды жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сейсмологиялық станциялар желісі Меркі ауданында эпиорталық аймағында орналастырылған. Триангуляция әдісімен жұмыс істейтін үш қосымша жылжымалы станция орнатылды. Олар эпиорталықтан 30-80 км радиуста: жер қыртысының қозғалысын, жер асты микродүмпулерді және жер асты шуларды анықтайды.
Бұл деректер ықтимал афтершок белсенділігін егжей-тегжейлі зерттеуге және ықтимал тәуекелдерді бағалауға мүмкіндік береді.
Жиналған деректер жедел режимде сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссияның талдауы мен жұмысы үшін Орталық сейсмикалық обсерваторияға беріледі. Нәтижесінде қорытынды дайындалып, Қазақстан ТЖМ Командалық орталығына жіберіледі. Бұл нақты уақыт режимінде жағдайды талдауға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысында ТЖМ СБЗҒО 9 сейсмологиялық станциясы жұмыс істейді, олардың бірі – кешенді, бірнеше параметрлерді талдау мүмкіндігі бар. Қосымша станциялар бақылау дәлдігін жақсартады және сейсмикалық белсенділіктің өзгеруіне жедел ден қоюға көмектеседі.
Қазақстан ТЖМ жағдайды бақылауда ұстап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.
ТЖМ сейсмологтары Жамбыл облысында мониторингті жалғастыруда
Оқи отырыңыз
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары