Қоржынкөл көлінде екі балықшы резеңке қайықпен балық аулауға көлге шығып, желдің салдарынан жағалауға өз бетінше жете алмай, 112-ге көмек сұрады. Оқиға ШҚО Ұлан ауданында орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көмекке құтқарушылар келіп 1973 және 1975 жылы туылған екі ер адамды жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Қатты жел кезінде қайықпен суға шықпауларыңызды сұрайды.
Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөмеріне хабар беріңіздер.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мысыр әуежайында қазақстандық әйел қаза болды
Келесі жаңалық
Маңғыстауда жазғы лагерьде демалу құны белгілі болды