ТЖМ көлікті өрттен қорғаудың жолдарын ұсынды

 Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлікті өрттен қорғау үшін көлік иелеріне өз кеңесін берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол үшін келесі шарттарды орындау қажет:

- көлікті техникалық байқаудан уақытында өткізіңіз;
- электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнатыңыз;
- әрқашан жарамды өрт сөндіргішті көлік салонында ұстаңыз;
- қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылаңыз;
- көлікте бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамаңыз;
- жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдаңыз.

 

Оқи отырыңыз