Жаңалықтар

ТЖМ: Бір тәулікте 13 адам құтқарылды

ТЖМ: Бір тәулікте 13 адам құтқарылды
Фото: t.me/qr_tjm 29.01.2024 08:40 376

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 120 шақыртуға барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, оның 65-і - өрттер мен жану оқиғалары, 55-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстар.

Бұл ретте 13 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға