Жаңалықтар

ТЖМ басшысы Тоқаевқа Алматыдағы жер сілкінісінен кейінгі жағдай туралы баяндады

ТЖМ басшысы Тоқаевқа Алматыдағы жер сілкінісінен кейінгі жағдай туралы баяндады
Фото: Akorda.kz 04.03.2024 17:26 479

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ведомствоның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген іс-қимылдар алгоритмі өз деңгейінде орындалды.

Қазір қаладағы жағдай қалыпты, барлық тиісті мекемелер бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеп жатыр.

Президент министрге мегаполис тұрғындарының амандығын сақтау және Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін қала әкімі Ерболат Досаевпен, сондай-ақ қаладағы барлық жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жалғастыруды тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға