Жаңалықтар

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады
Фото: ТЖМ 16.03.2024 08:37 444

ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздік ережелерін тағы бір рет еске салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Газ баллондарын жылыту құрылғыларының жанында сақтамаңыз, киім -кешекті және басқа заттарды пештің үстінде кептірмеңіз, мүмкін болса, мұржаларды тазалаңыз.

Жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес береміз.

Автокөлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қаупі туралы еске саламыз.

ТЖМ еліміздің барлық тұрғындарына үйлеріңізде келеңсіздіктерді болдырмауға көмектесетін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:

- мұржаларды уақтылы тазалап, пештерді жөндеу қажет;

- ақауы бар жылыту аспаптары мен газ жабдықтарын пайдаланбаңыздар;

- қуаты жоғары құрылғыларды бір уақытта қосу арқылы электр желісін шамадан тыс жүктемеңіздер;

- балаларды ересектердің қарауынсыз жалғыз қалдырмаңыздар.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстаныңыздар, сонда сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қаласыздар!!!

Барлық оқиғалар туралы 112 немесе 101 телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға