Жаңалықтар

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов "Қазақстан" шахтасында жұмыс кеңесін өткізді

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов "Қазақстан" шахтасында жұмыс кеңесін өткізді
Фото: gov.kz 18.08.2023 23:02 521

Қазіргі уақытта екі зардап шегушіні іздеу жұмыстары жүргізілуде және жергілікті Д-6 көмір конвейерлік еңісте жану ошақтарын сөндіру жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілердің авариялық қазбалардың жанындағы жұмысы жоғары температура мен үздіксіз түтіннің себебінен қиындай түсті. Сондай-ақ, қазбаны салқындату бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

ТЖ министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысын тұрақты бақылауда ұстайды.

Сырым Шәріпханов іздестіру жұмыстарына тартылған тау-кен құтқарушылары үшін қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуді тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға