Жаңалықтар

Тырысқақпен ауыратындар азайып, қызылша дертіне шалдыққандар көбейді

Тырысқақпен ауыратындар азайып, қызылша дертіне шалдыққандар көбейді
Фото: © ОКҚ 10.08.2023 13:25 694

Республикада соңғы 3 жылда тырысқақ ауруы болған жоқ. Есесіне, биыл қызылшамен ауыратындар көбейген. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ДДҰ мәліметтері бойынша 2023 жылы әлемде көрсеткіштер бірнеше жыл төмендегеннен кейін тырысқақтан сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің күрт өсуі байқалады. Тырысқақ инфекциясы вибрион жұқтырған суды тұтынған кезде, оны қолды, көкөністерді, жемістерді, ыдыстарды, тұрмыстық заттарды жууға, шомылуға қолданған кезде пайда болады. Осыған байланысты тырысқақ бойынша эндемиялық елдерге барған кезде жеке гигиена ережелерін сақтау, ішу үшін бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану қажет, денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда дәрігерге қаралу қажет, - деді Айжан Есмағамбетова. 

Жыл басынан бері елімізде  инфекциялық аурулар тіркелмеген. Яғни елде тырысқақ, оба, паратифтер, іш сүзегі, туляремия, сіреспе, дифтерия, полиомиелит, құтыру, безгек, висцералдық лейшманиоз, пастереллез бойынша ешкім ауырмаған. 

Былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда нозология бойынша сырқаттанушылық инфекциялық сырқаттанушылық 39-ға азайды. Оның ішінде ботулизм 45%-ға, ротавирустық энтерит 25%-ға, есекжем 9%-ға, сальмонеллез 12%-ға, туберкулез 6%-ға төмендеді,- деді ол.

Есесіне, қызылшамен ауыратындар көбейген. Жыл басынан бері 3037 адам осы дертпен ауырған.  Бұл сырқаттың өсуінің себебі қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау алмағаннан болып отыр екен.

 Вакцинацияланбаған сырқаттанушылықтың 72%-ы – балалар.  1282 ата-ана вакцинация алудан бас тартты. Сонымен қатар медициналық қарсы көрсетілімдердің себебінен науқастардың 20%-ы вакцинацияланбаған 416 адам және егу жасына жетпегендіктен 20%-ы ауырған 431 жағдай тіркелді.  Бүгінгі таңда қажетті шараларды қабылдай отырып, қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыс жалғасуда. Вакцинациялау балаларды ауыр инфекциялық аурулардан қорғаудың жалғыз жолы болып қала береді, - деді Айжан Есмағамбетова.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға