Тынық мұхитының жағалауындағы елде жер сілкінді

 vsedostoprimechatelnosti.ru
Фото: vsedostoprimechatelnosti.ru

Тынық мұхиты жағалауында орналасқан Вануату мемлекетінде жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Зілзаланың магнитудасы 6,5 балға жеткен.

Star advertiser басылымы  таратқан ақпаратқа сүйенсек, жер сілкінісінің ошағы Порт-Орли қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырымда орналасқан. Ошақ 6 шақырым тереңдікте болған.

Болған жайтты назарға алсақ, Тынық мұхитында цунами орын алу ықтималдылығы жоқ, Гавайға да цунами қатері төнбейді, - делінген Тынық мұхитындағы цунамидің алдын алу бюллетені таратқан хабарламада.

Зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы деректер жоқ.

Оқи отырыңыз