Жаңалықтар

Twitter аккаунттарды бұғаттауға кірісті

Twitter аккаунттарды бұғаттауға кірісті
Фото: © Pixabay.com 11.05.2023 13:08 736

Twitter-дің бас директоры Илон Маск әлеуметтік желіде бірнеше жыл бойы пайдаланылмаған аккаунттарды бұғаттайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Оның айтуынша, қолданылмаған аккаунтардың жазбалары мұрағатта сақталады. Twitter-дің саясатына сәйкес желіге тіркелген азаматтар өз аккаутына айына кем дегенде бір рет кіруге тиіс. Сонымен бірге, Twitter зорлық-зомбылықты, соғысты насихаттаған аккаунттарды бұғаттауға кірісті. Бұған дейін соғысты қолдаған адамдардың аккаунтары бұғатталған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға