Жаңалықтар

Тұтығып сөйлейтін баланы қылқындырып емдеген әйел желіні шулатты

Тұтығып сөйлейтін баланы қылқындырып емдеген әйел желіні шулатты
Фото: © Pixabay.com 11.01.2024 13:48 1108

Өзбекстанда тұтығып сөйлейтін баланы қылқындыру арқылы емдемек болған әйел ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Семинар өткізіп жатқан әйел ер баланы қысып құшақтап, тұншықтырып, анайы сөздер айтып, ұрсып жатқан бейнежазбасы желіде тарап кетті. Оның бұл ерсі әрекеті Олий Мәжілістегі балалар құқығы бойынша өкіл мен құқық қорғаушылардың назарына ілікті.

Қазір бұл оқиғаға қатысты тексеру басталды. Аталған істі Ташкенттегі Юнусабад аудандық прокуратурасы қадағалап отырғанын жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға