Жаңалықтар

"Түсінбеймін?". Театр қонақтары қазақтың жеті ата ұғымынан хабарсыз екенін айтты

"Түсінбеймін?". Театр қонақтары қазақтың жеті ата ұғымынан хабарсыз екенін айтты
Фото: Видеодан кадр 03.10.2023 16:21 1612

 "Әкелер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігі театр қонақтарынан "жеті ата ұғымы" туралы сұрап білді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада жасы үлкен қариядан бастап жастарға дейін жеті атасын атап бере алмады.

"Театрға қош келдіңіздер. Қазақта жеті ата деген бар. Соны ретімен айтып бере аласыз ба", - деп сұрады жүргізуші.

"Мәссаған, бала, әке, ата..әрі қарай, тәте? Ой, ұят болды", "Жеті ата? Өзіміздің атамыз ба? Білмейді екем", "Жоқ, білмеймін", "Түсінбеймін", * деп жауап берді қонақтар.

Қазақ «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп бекер айтпаған. Сол сияқты «Жеті атасын білген ер – жеті жұрттың қамын жер» деген сөз де бар. Ендеше, қазақтың жеті ата ұғымын біліп жүрген жөн.

"Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата"ғ  - деп жүргізуші дұрыс жауабын айтты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Әке мен бала | Отбасы (@akeler.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға