Жаңалықтар

Тұрмыстық зорлық-зомбылық азаймай тұр – вице-министр

Тұрмыстық зорлық-зомбылық азаймай тұр – вице-министр
Фото: © Pixabay.com 26.09.2023 16:20 905

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха жазаны қатаңдату тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайтпағанын айтты. Оның сөзінше, жағдай баз-баяғыдай өзекті күйінде қалып отыр. Ол мұның бірнеше себебін атады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сот ісі бюрократияланған. Жәбірленуші сотқа дәлелдемелерді өз бетінше ұсынуға, сондай-ақ қылмыскерлер мен куәгерлерді сот процесіне жеткізуге мәжбүр болған парадоксальді жағдайлар кездеседі. Шын мәнінде, бұл шарттарды орындау мүмкін емес, өйткені отбасылық-тұрмыстық қатынаста жәбірленуші агрессорға қаржылық, психологиялық, физикалық жағынан тәуелді, - деді Лепеха.

Оның сөзінше, полицейлер мұндай істерді жүргізу соттың ғана құзыретінде деп, арыз-шағымды қабылдамай қойған кездері де болған.

Ол сондай-ақ айыппұлдың ауыртпалығын зорлық көрсеткен адам ғана емес, отбасы мүшелері де тартатынын айтты.

Әдетте отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа алкоголь, жұмыссыздық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі сияқты бірқатар әлеуметтік мәселе әсер етеді. Осыған байланысты айыппұл (200 АЕК-ке дейін немесе 500 мың теңге) бір ғана адамға емес, бүкіл отбасына ауырлық салады, - деді ол.

Сондай-ақ қылмысты жасаушы отбасы мүшесі болғандықтан, қылмыс ашылмай қалып жатады.

Оның үстіне отбасының бір мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тарту жағдайды жасыруға алып келеді, - дейді Лепеха.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға