Жаңалықтар

Тұрмыста газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы не білу қажет?

Тұрмыста газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы не білу қажет?
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 02.12.2023 05:49 534

Көптеген табиғи газдар адам үшін ықтимал қауіп көзі болып табылады. Алайда тұрмыста қолданылатын метан (қалалық магистральдық газ) және сұйытылған газ (баллондарда) аса қауіпті болып табылады. Газдың иісі шыққан кезде олар тұншықтырғыш газбен улануға алып келеді, ең қорқынышты жарылысқа әкелуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Осыған байланысты Жетісу облысы ТЖД күнделікті өмірдегі газ қауіпсіздігінің негізгі ережелерін ескертеді:

- таразы қондырғысымен, өлшеудің нормативтік дәлдігін қамтамасыз ететін бақылау таразыларымен, артық толтырылған баллондардан газды құюға арналған ыдыспен (баллонмен) жабдықталған тұрмыстық баллондарды толтыруға арналған арнайы пункттерде ғана баллондарды құюды жүзеге асыру;

- баллонды суықтан жылуға кіргізуге, жылу көздерінің жанына қоюға болмайды - күрт кеңейтуге әкеліп, нәтижесінде жарылыс болуы мүмкін;

- баллонды ауыстырар алдында жаңа және пайдаланылған баллондардың крандары жабық екеніне көз жеткізіңіз. Ауыстырғаннан кейін қосылыстардың герметикалығын тексеріңіз (сабын ерітіндісін жағу арқылы);

- баллонды газ плитасымен қосу үшін арнайы (кездейсоқ емес) иілгіш резеңке шлангты қауіпсіздік қысқыштары арқылы бекітілген ұзындығы метрден аспайтын етіп пайдаланыңыз. Оның созылуына немесе қысылуына жол бермеңіз;

- газ құралдарын қосу кезінде ретін сақтаңыз: алдымен сіріңкені жағып, содан кейін газ беруді ашыңыз;

- тексерілмеген баллонды пайдалануға болмайды;

- газдың шығып кетуін болдырмау үшін тамақ дайындау барысында қайнаған сұйықтықтарды отқа төгілмеуін қадағалаңыз. Жанарғыларды үнемі тазалаңыз. Жұмыс аяқталғаннан кейін баллонның кранын жабуды ұмытпаңыз.

Үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жабу, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр және электр құралдарын қоспау, телефон сымын розеткадан шығару қажет.

Тыйым салынады:

- өз бетінше үйді газдандыруға, орнын ауыстыруға, кез келген газ жабдығын жөндеуге;

- тиісті қызметтердің рұқсатынсыз, жабдықтың орналасқан жерін өзгерте отырып, үй-жайды қайта жоспарлауды жүргізу;

- газ құралдарының, түтін және желдету каналдарының құрылымын өзгерту;

- қауіпсіздік автоматикасын өшіру;

- жабдық жарамсыз болған жағдайда газды пайдалануға;

- газ құралдарын қараусыз қалдыруға немесе оларды балалармен пайдалануға рұқсат етуге;

- екі қабаттан асатын көп қабатты тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған газды сақтау және (немесе) пайдалану;

- үй-жайларды жылыту үшін газ плиталарын пайдалану;

- газ аспаптары орнатылған бөлмелерде ұйықтау.

Төтенше жағдай кезінде – «101», «102», «104», «112» телефондары арқылы қоңырау шалыңыздар!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға