2025 жылдың 5 мамырына Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты түзеу мекемесінде әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушыларына үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сотталғандардан құралған қылмыстық топ өзге жазасын өтеушілерден ақша бопсалаумен айналысқан.
Қаражатты алу үшін олар физикалық күш қолданған, психологиялық қысым көрсеткен және қорлау сипатындағы «жиналыстар» өткізген. Онда жәбірленушілерді ақшасынан «ерікті түрде» бас тартуға мәжбүрлеген.
Қылмыстық істің күрделілігі мен көп эпизодтылығына байланысты тергеуді облыс прокуратурасы жүргізді.
Тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топтың тоғыз қатысушысы анықталды. Тергеу нәтижесінде қылмыстық іс ҚР ҚК 262-бабының 1, 2-бөліктерімен (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оған басшылық ету, сондай-ақ оларға қатысу) және 194-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (бопсалау) бойынша сотқа жолданды.
Сот сегіз айыпталушыны кінәлі деп танып, оларды 8 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Тоғызыншы қатысушыға қатысты үкім шыққанға дейін қайтыс болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Түрме ішінде бопсалаумен айналысқан топ мүшелері сотталды
Оқи отырыңыз
9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?8 Сәуір, 09:02
140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады