Жаңалықтар

Түркияның басты оппозиционері 110 жылға сотталуы мүмкін

Түркияның басты оппозиционері 110 жылға сотталуы мүмкін
Фото: © Anadolu Agency 23.06.2023 03:16 924

Мамыр айында өткен сайлауда түрік оппозициясының жетекшісі және қазіргі президент Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыласы болған Кемал Кылычдароғлу 110 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері жазып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оның үстінен 28 талап арыз түскен, алдағы күндері ол қамауға алынуы мүмкін. Негізінен арызданушы Ердоғанның өзі. Олардың басым бөлігі жала жабуға қатысты, арасында осыдан бірнеше жыл бұрын берілгендері де бар.

Парламент депутаты болған, бірақ оның жаңа құрамына кірмеген Кылычдароғлу енді депутаттық қол сұғылмаушылыққа ие емес.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға