Жаңалықтар

Түркиядағы зілзала құрбандарының саны 46,1 мыңнан асты

Бұл туралы ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлім етті
Түркиядағы зілзала құрбандарының саны 46,1 мыңнан асты
Фото: mail.kz 07.03.2023 05:21 793

Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісі құрбандарының саны 46 104 адамға жетті, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Осындай ақпаратты мемлекет басшысы елдің министрлер кабинеті отырысының қорытындысы бойынша телеүндеуінде жариялады.

Жер сілкінісінен бері төртінші апта өтті. Біз басымыздан кешірген апаттың ауқымы қандай екендігін көріп отырмыз және қайғыны терең сезінудеміз, - деді түрік көшбасшысы.

Айтуынша, ел билігі қысқа мерзім ішінде апаттан қираған аудандарды қалпына келтіруге бел шеше кіріскен.

Мақсатымыз – жақын екі ай ішінде 244 мың ғимарат пен 75 мың үйдің құрылысын бастау, - дейді Ердоған.

Қазіргі уақытта Түркияда 22 мың ғимараттың құрылысы басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға