Жаңалықтар

Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кеткен бала басқа елден табылды

Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кеткен бала басқа елден табылды
Фото: ©AP/Metin YOKSU 01.06.2023 04:22 872

Ақпанда Түркияда орын алған жойқын зілзала кезінде жоғалып кеткен бала түсініксіз жағдайда Нидерландыдан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, көшеде жалғыз жүрген баланы Маастрихт қаласының тәртіп сақшылары байқаған.

Құқық қорғау органдары бала үлкен қалада жалғыз өзі жүрген бала голланд тілінде сөйлей алмаған. Баланы полиция бөліміне апармастан бұрын тәртіп сақшылары тәттілермен тамақтандыру үшін оны кондитерлік дүкенге ертіп апарыпты. 

Ал полиция бөлімінде баламен ана тілінде сөйлесе алатын ұлты түрік қызметкер болған. Осылайша, баланың Түркиядан екені белгілі болды.

Әлеуметтік қызметтер баланы біраз уақытқа балалар үйіне орналастырды. Оның басқа елде қалай жалғыз жүргені әлі белгісіз.

Түркияның Гаагадағы елшілігі бұл жағдайға назар аударып, түсініктеме алу үшін Нидерланды сыртқы істер министрлігіне жүгінді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға