Жаңалықтар

Түркиядағы зілзала кезінде отандасымыз жоғалып кетті

Түркиядағы зілзала кезінде отандасымыз жоғалып кетті
Фото: facebook.com 07.02.2023 18:34 1735
Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Astana Hub технопаркінің  telegram-каналы жариялды.
 
"Достар, біздің досымыз, Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кетті.
Ағасы Алмат Құрмашевтың айтуынша, жер сілкінісі кезінде ол Түркияның Хатай қаласында болған. Содан бері онымен байланыс үзілді. Отбасы мен достары алаңдап, жан-жақты іздестіруде, бірақ әлі де ешқандай хабар-ошар жоқ.
Мирустың бауыры мен достары, қазақстандық еріктілер бүгін түнде іздестіру жұмыстарын күшейту үшін Түркияға ұшады.
Қандай да бір ақпарат болса немесе іздеу тобына қосыламын дейтіндер болса, Мирустың ағасы Алматқа телефон арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз. +7 702 430 20 21" деп жазылған хабарламада.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға