Жаңалықтар

Түркиядағы жол апаты. Екі қазақ турисі қаза тапты, төртеуі ауруханада жатыр

Түркиядағы жол апаты. Екі қазақ турисі қаза тапты, төртеуі ауруханада жатыр
Фото: ҚР CІМ 07.08.2023 17:30 1214

30 шілдеде Түркияның Алания курортында қазақстандық туристер мінген шағын автобус апатқа ұшыраған еді. Екі отандасымыз ауруханада көз жұмды. Әлі төртеуі емделіп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өкінішке қарай, Түркиядағы жол апатынан 2 отандасымыз қаза тапты. Олардың мәйіттері өткен аптада Қазақстанға жеткізілді. Қазір 4 қазақ азаматы ауруханада ем алып жатыр. Барлық медициналық және репатриациялау шығыны сақтандыру компаниясының есебінен төленіп жатыр, - дейді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, туристер демалуға барған кезде өздерінің туристік полистерін мұқият қарап, осылай жасаған  екен. Сондықтан ешқандай қиыншылықтар туындамапты.

Қалған төрт адамның жанында туыстары бар, бірінің әпкесі, бірінің ағасы келді.Олар көмектесіп, жақын арада тез сауығып, елге оралады деп күтеміз, - деді ресми өкіл. 

Айта кетейік, 30 шілдеде қазақ туристері мінген экскурсиялық автобус Түркияның Алания қаласында жүк көлігімен соқтығысты. Жол апаты Окурджалар кентінің маңында болған. Бастапқыда 12 азаматтың екеуінің жағдайы орташа ауыр екені айтылған. Одан бері екі азамат қайтыс болып кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға