Жаңалықтар

Түркиядағы жер сілкінісінде 23 адам қаза тауып, 420-і жарақат алды

Түркиядағы жер сілкінісінде 23 адам қаза тауып, 420-і жарақат алды
Фото: ANADOLU AGENCY 06.02.2023 11:01 1240

Түркияда болған алапат жер сілкінісі салдарынан 23 адам қаза тауып, 420- жарақат алды және 140 ғимарат қираған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Анадолы  агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай,Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды.

Агенттік мәліметінше, 6,4 және 6,6 магнитудалы екі жерасты дүмпуі Нурдагы ауданында, 6,6 магнитудалы жер сілкінісі

7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де 7 км тереңдікте болған.

Содан кейін жер сілкінісі әр түрлі аймақтарда - Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада жарты сағат бойы сезілген.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат толықтырылуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға