Жаңалықтар

Түркиядағы соңғы зілзаладан соң теңіз деңгейі көтерілуі мүмкін

Бүгін Хатай қаласындағы Дефне ауданында екі рет жер сілкінген болатын
Түркиядағы соңғы зілзаладан соң теңіз деңгейі көтерілуі мүмкін
Фото: Anadolu Agency 21.02.2023 03:15 1165

Түркияның Хатай провинциясында орын алған соңғы жер сілкінісінен соң теңіз деңгейінің көтерілу қаупі ескертілді, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Хатай провинциясындағы Дефне ауданында жер сілкінісі екі рет қайталанған соң Антакъя мен Искендерун қалаларының арасындағы жол бұзылған. Ғимараттардың қирағаны да айтылуда. Әзірге нақты саны белгісіз.

AFAD азаматтарға теңіз деңгейінен 50 см-ге көтерілу ықтималдылығына байланысты жағалаудан аулақ жүруге кеңес берді.

Зілзаланы көршілес провинциялар мен Сирия, Ливан, Иордания, Ирак, Палестина, Израиль мен Ливанда да сезілген.  

Түркия вице-президенті Фуат Октай тұрғындарға зақым келген ғимараттарға жақын жүрмеуді ескертті.

Бұған дейін дүйсенбі күні  Хатай провинциясының Дефне ауданында магнитудасы 6,4 болатын жер сілкінісі тіркелгенін жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға