Жаңалықтар

Түркияда зілзала құрбандарының саны 12 мыңнан асты

Қаза болғандар сағат сайын артуда
Түркияда зілзала құрбандарының саны 12 мыңнан асты
Фото: Anadolu Agency 09.02.2023 07:30 971

Түркияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 12 391 адамға жетті, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) құрбандар санының сағат санап артып жатқанын айтты. Үйіндінің астынан шыға алмай жатқандар да көп деп отыр.

Қысқы суықты ескергенде, оларды тірі  алып шығу мүмкіндігі азайып барады.

Бұған дейін Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 9 мыңнан асып,  52 мыңнан астам адам жараланғаны туралы жазған болатынбыз.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға