Жаңалықтар

Түркияда зілзала кезінде 4 қазақстандық жоғалып кетті

Түркияда зілзала кезінде 4 қазақстандық жоғалып кетті
Фото: trt.net.tr 08.02.2023 16:41 1203

Түркияда жер сілкінісінен кейін төрт қазақстандық хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Біздегі ақпаратқа сәйкес Түркияда 4 қазақстандық жоғалып кетті", - деді елші.

Елшінің айтуынша, хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтардың біреуі Адана қаласында, үшеуі Хатай провинцияда жүрген. Алайда, түрік дипломаты әзірге азаматтарды іздеу бойынша ресми өтініш түспегенін, бұл әлеуметтік желідегі ақпарат екенін ескертті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға