Жаңалықтар

Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандық қайтыс болды

Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандық қайтыс болды
Фото: telegram 31.07.2023 15:42 407

Аланиядағы жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың бірі қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Ол бүгін таңертең ауруханада көз жұмған.

Қайтыс болған ҚР азаматының ұлы Аланияға барған, қазір ол қазақстандық дипломаттармен бірге. Оған барлық қажетті қолдау мен көмек көрсетіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Естеріңізге сала кетейік, Түркияда туристер мінген автобус апатқа ұшырап, қазақстандық азаматтар зардап шеккен болатын. Шағын автобуста 12 қазақстандық болған және олар әртүрлі дәрежеде жарақат алған

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға