Жаңалықтар

Түркияда тағы да 5 балдық жер сілкінісі болды

Түркияда тағы да 5 балдық жер сілкінісі болды
Фото: ainews.kz 03.03.2023 12:38 533

Түркияның Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 5,0 балдық зілзала тіркелді. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмология орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ақпарат бойынша, зілзала ошағы 4 шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Эпицентрі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында болған зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкіну салдарынан Хатай, Газиантеп, Килис, Османие, Малатья, Адыяман, Шанлыурфа, Диярбекир, Адана және Кахраманмараш провинцияларында көптеген ғимараттар қирады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға