Жаңалықтар

Түркияда президент және парламент сайлауы өтіп жатыр

Түркияда президент және парламент сайлауы өтіп жатыр
Фото: ©AP/Francisco SECO 14.05.2023 12:47 1127

Түркияда жексенбіде 28-ші шақырылымдағы парламент және президент сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Анадолу ақпарат агентігінің мәліметі бойынша сайлау учаскелері таңғы 8:00-де ашылып, жергілікті уақыт бойынша 17:00-де жабылалады.Ел бойынша барлығы 191 885 дауыс беру жәшігі орнатылған.

Түркияда және шетелде 64,1 миллионнан астам сайлаушы дауыс береді деп күтіліп отыр. Ал 4,9 миллионға жуық адам бірінші рет дауыс бермек. Сайлаушылар жеке басын куәландыратын ресми құжаттардың бірімен дауыс бере алады. Саяси науқанда дауыс берушілерге 2 бюллетень беріледі: президент пен депутаттарды сайлау үшін. Сайлаушылар екі бөлек бюллетеньді бір конвертке салып, дауыс беру жәшігіне салуы тиіс.

Түркия ОСК ақпан айындағы жер сілкінісінен зардап шеккен 11 провинцияда дауыс беру үшін қажетті шаралар қабылдатыны айтылған. Бұл аймақтарда дауыс беру жәшіктері арнайы контейнерлер мен мектептерде орнатылғаны белгілі болды.

Ал шетелдік учаскелерде дауыс беруге 3,4 миллионнан астам адам қатысты. Олар үшін 73 елде және 156 шетелдік өкілдікте сайлау комиссиялары құрылды. Түркияның шетелдік өкілдіктерінде дауыс беру процесі 9 мамырда аяқталды.

Түркиядағы президент сайлауына үш кандидат қатысады - қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған және оппозициялық Халықтық-республикалық партияның жетекшісі Кемал Кылычдароглу, сондай-ақ, «Альянс АТА» блогының кандидаты Синан Оган. Сайлауға қатысу үшін 24 саяси партия және 151 тәуелсіз кандидат тіркелген.

Егер үміткерлердің ешқайсысы бірінші турда абсолютті көпшілік дауысқа ие болмаса, 28 мамырда екінші тур өтетін болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға