Жаңалықтар

Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді

Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 28.05.2023 03:23 976

Бүгін, 28 мамырда Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша, елдің 13-президенті кім болатыны анықталады

Сайлаудың 14 мамырда өткен алғашқы турында 4 кандидат бақ сынасқан болатын.

Олар: қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған, оппозиционерлер Кемал Қылышдароғлы, Мұхаррем Инже жәна Синан Оған.

Ал негізгі бәсеке билік партиясының атынан сынға түсіп жатқан Режеп Тайып Ердоған мен елдегі негізгі оппозициялық күш саналатын «Республикалық халық партиясының» төрағасы Кемал Қылышдароғлы арасында өтуде.

Билік жағындағы Халық коалициясына «Әділдік және даму партиясы», «Ұлтшыл қозғалыс партиясы» мен «Ұлы бірлік» партиясы бірікті.

Қазіргі президент Режеп Ердоғанның кандидатурасын осы коалиция ұсынып отыр.

Бірінші турда Ердоған 49,34%, ал Қылышдароғлы 45% дауыс жинады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға