Жаңалықтар

Түркияда ауқымды орман өртін сөндіру ауа райына байланысты өршіп барады

Түркияда ауқымды орман өртін сөндіру ауа райына байланысты өршіп барады
Фото: Видеодан кадр 16.07.2023 15:29 890

Түркияның Чанаккале аймағында алапат өрт басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өртті тоқтату үшін әуеден тікұшақтар арқылы және өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Sputnik Түркия арнасының жазуынша, орман өртінің ауқымы уақыт өктен сайын кеңейіп барады. 
Желді ауа-райына байланысты оны бақылауға алу да мүмкін болмай отыр. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, өртті тоқтату бойынша әуе және жерүсті операциялары жүргізілуде.

Бұрын Бодрумдағы ірі орман өрті туралы хабарланған еді. Өрт Түркияның оңтүстігіндегі Милас-Бодрум халықаралық әуежайының жанындағы аумақты шарпыған болатын. Өрт белгісіз себептермен Кайал ауылдары мен Мугла провинциясындағы әуежайдың жанындағы Кемикле арасындағы орманда пайда болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға