Жаңалықтар

Түркия Республикасының әскери атташесі таныстырылды

Түркия Республикасының әскери атташесі таныстырылды
Фото: gov.kz 19.12.2023 23:03 590

Қорғаныс ведомствосында министрдің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Қазақстандағы Түркия Елшілігінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Түркия Республикасының әскери атташесі полковник Фатих Пала миссиясының аяқталуына байланысты ұйымдастырылды.

Әскери ынтымақтастық саласындағы қызметтің қорытындыларын талқылағаннан кейін қазақстандық тарапқа 2023 жылғы қарашада осы қызметте аккредиттелген жаңа әскери атташе подполковник Шенер Кименче таныстырылды.

Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов полковник Фатих Палаға өзара қызығушылық тудыратын салалардағы екіжақты байланыстарды дамытқаны үшін алғысын білдіріп, жаңадан тағайындалған әскери атташе подполковник Шенер Кименчеге  қызметте сәттілік тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға