Жаңалықтар

Түркия президенті балаларға ақша таратты

Түркия президенті балаларға ақша таратты
Фото: Видеодан кадр 14.05.2023 19:15 756

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сайлау учаскелерінің бірінде балаларға ақша таратты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ердоған сайлау учаскесіне әйелімен бірге барды. Олар Ыстамбұлдағы Ускюдар ауданында орналасқан мектептердің бірінде дауыс берді.

Дауыс бергеннен соң Түркия басшысы сайлаушылармен әңгімелесіп, қалтасынан бір бума ақша шығарды да, балаларға тарата бастады.

Израиль тілшісі Амичай Штайнның Twitter-ге салған видеосы желіде тез тарап кетті.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, балалар жалпы 200 лира алған, бұл шамамен – 4500 теңге.

Айта кетейік, бүгін Түркияда президент сайлауы өтіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға