Жаңалықтар

Түркия президент сайлауының екінші кезеңі басталды

Түркия президент сайлауының екінші кезеңі басталды
Фото: ВВС 28.05.2023 12:51 717

Түркияда бүгін жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:00-ден президент сайлауының екінші туры басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорытынды бойынша 13-ші мемлекет басшысы кім болатынын белгілі болмақ. 

Анадолы елінде сайлау учаскелері Анкара уақыты бойынша таңғы 8:00-де ашылып, кешкі 17:00-де жабылады деп күтіліп отыр.Республика бойынша дауыс беру үшін 191 мың дауыс беру жәшігі орнатылғанын белгілі болды. 

Мемлекет басшысының орнына қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған және біріккен оппозицияның жетекшісі Кемал Кылычдароғлу басты үміткер атанған. 

Екі апта бұрын өткен сайлаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша кандидаттар 50 пайыздан асырып дауыс жинай алмауы себепті, екінші тур өтетіні белгіленген болатын. Сондай-ақ, үміткерлер Синан Оган мен Мухаррем Индже аз дауыс жинап, саяси додадан шығып қалды. 

Президент сайлауында Түркия азаматтары жеке куәлік арқылы дауыс беруге мүмкіндігі бар. Бұған дейін шетелдегі учаскелерде дауыс беруге 3,5 млн астам адам сайлауға қатысқан.  

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға