Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендерге Ұлттық волонтерлік желісі гуманитарлық көмек жинағаны белгілі. Оған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйытқы болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Нәтижесінде Түркияға 500 тоннадан астам гуманитарлық көмек жолданды.
Осыған орай, бүгін Ұлттық волонтерлік желісі директорының орынбасары Айбек Досымбетов Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджимен кездесіп, AFAD қорының есепшотына 106 млн теңгеден астам қаржы аударды.
Аталған кездесуге ҚМДБ-ның Зекет және қайырымдылық қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев пен ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Элина Паули да қатысты.
Кездесу барысында Уфук Экиджи Қазақстан халқы мен Үкіметіне осынау қиын қыстау кезде бірінші болып көмек қолын созып, жанынан табылғанына үлкен алғысын білдірді.
Түркия елшісі Қазақстан халқы мен Үкіметіне алғыс айтты
Оқи отырыңыз
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?