Жаңалықтар

Түркістандықтар республика күнін тойлады

Түркістандағы «Рәміздер алаңындағы» тұғырдың биіктігі – 62,5 метр. Ал Тудың ені 12 метр болса, ұзындығы – 24 метр.
Түркістандықтар республика күнін тойлады
25.10.2022 15:21 1763

Республика күніне орай Түркістанда Мемлекеттік Туды ресми көтеру рәсімі өтті. «Рәміздер алаңында» ұйымдастырылған патриоттық іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары және жалынды жастар қатысты, деп хабарлайды El.kz.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, салтанатты шараға облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, көк Тудың мәртебесін көтеретін бастамаға үлес қосты. Алдымен Әнұран шырқалды. Одан соң, облыс өнерпаздары рухты оятатын отаншылдық бағыттағы әндерді шырқап, мерекенің ажарын аша түсті. Түркістандықтар Қазақстан көлемінде тойланып жатқан патриоттық іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырды.

Түркістандағы «Рәміздер алаңындағы» тұғырдың биіктігі – 62,5 метр. Ал Тудың ені 12 метр болса, ұзындығы – 24 метр. Еліміздегі ең биік тұғыр мен тудың бірі болып есептеледі.

Еске сала кетейік, Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні мәртебесін қайта қалпына келтіруді және оны 25 қазанда Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды. Республика күні Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің басты мерекелерінің бірі болып қайта оралды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға