Жаңалықтар

Түркістандық тұрғын діттеген жеріне жету үшін көшеде тұрған көлікті айдап кеткен

Түркістандық тұрғын діттеген жеріне жету үшін көшеде тұрған көлікті айдап кеткен
Фото: Түркістан облыстық Полиция департаменті 16.02.2024 03:15 414

Түркістан облысы Ордабасы ауданында 35 жастағы тұрғын көлік ұрлығына күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам кешкі уақытта көшеде кілттенбеген көлікті байқап, діттеген жеріне жету үшін айдап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде көлік ұрлығына қатысы бар 35 жастағы тұрғын қолға түсті. Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары күдіктіні «Opel Vectra» маркалы көлігін Шымкент-Түркістан тас жолы бойынан айдап бара жатқан жерінен ұстады.

Ұрланған көлік тәркіленіп, өз иесіне қайтарылды.

Полицейлер оның тағы бір автокөлікті айдап кету қылмысына қатысы барын анықтады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға