Жаңалықтар

Түркістандық спортшылар СҚО-ға гуманитарлық көмек жөнелтті

Түркістандық спортшылар СҚО-ға гуманитарлық көмек жөнелтті
Фото: Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметі 22.04.2024 06:28 245
Түркістан облысының спортшылары СҚО-ға гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Азық-түлік, сусын, көрпе-төсек, тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтар тиелген жүк көлігі теріскей өңірге жолға шықты.
Бүгінде еліміздің бірнеше өңірінде табиғи апат қаупі күшейіп, көктемгі су тасқыны басталды. Отандастарымыз су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіп, қол ұшын созып жатыр. Халқымыздың ауызбіршілігі мен ынтымағы осындай сын сағаттарда танылады. Түркістан облысының спортшылары қашанда көмек қолын созуға дайын. Міне, бүгін Түркістан облысының спортшыларының атсалысуымен Солтүстік Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жолға шықты – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға