Жаңалықтар

Түркістандық полицейлер күдіктілерден қару-жарақ пен есірткі тәркіледі

Түркістандық полицейлер күдіктілерден қару-жарақ пен есірткі тәркіледі
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 01.07.2023 17:07 718

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Төле би ауданының екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшылары тінту кезінде күдіктінің бірінен ішінде есірткіге ұқсас заты бар 5 орама мен шыны ыдыс, сондай-ақ басқа да айғақты заттар тапқан.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сараптама алынған есірткі жалпы салмағы шамамен 100 гр болатын марихуана екенін растаған.

Екінші күдіктінің үйіне тінту жүргізіп, оның шатырынан 16 калибрлі екі ұңғылы шолақ мылтық тәркіледі. 

Бұл факті ҚР ҚК-нің 297-бабының, 287-бабы бойынша тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді, - делінген мәліметте. 

Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға