Түркістандық оқушы мал ауруларын ерте анықтайтын жүйе ойлап тапты

Түркістан облысы Келес ауданында тұратын Рамазан Сапарбай «Мал ауруларын ерте анықтау жүйесі» атты ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп, жоба макетін құрастырған. Жас өнертапқыш №35 А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған жоба ауыл шаруашылығын дамытып, малдың денсаулығын сақтауға бағытталған. Ол аудандық «Зерде» байқауында үздік атанған. Мұндай ғылыми жобалар оқушылардың зерттеушілік қабілетін шыңдап, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізбек.
Оқушының ғылыми жетекшісі Айнур Парымбетованың айтуынша, Рамазанның жобасы мал ауруларын дер кезінде анықтауға көмектеседі. Жобада арнайы сенсорлар мен деректерді талдау жүйелері қарастырылған.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйенсек, болашақта бұл жүйе мал дәрігерлерінің жұмысын жеңілдетіп, ауыл шаруашылығындағы шығынды азайтуға септігін тигізеді.
