Жаңалықтар

Түркістандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

03.05.2025 01:15 8173
Түркістандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

Арыс “Білім-Инновация” лицейінің 11 сынып оқушысы Айсұлтан Алтынбек әлемнің 9 еліндегі 86 университеттен шақырту алды. Олардың ішінде ең беделді 10 халықаралық жоғары оқу орындары бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқушы Айсұлтан шақырту алған үздік университеттер қатарында: Budapest University of Technology and Economics, Eötvös Loránd University, University of East London, Albion College, Hampshire College, Drexel University, DePaul University, CU Boulder (University of Colorado Boulder), Drake University, Temple University сынды әлемге әйгілі жоғары оқу орындары бар. Бұл білім ордалары — жаһандық рейтингтерде жоғары орын алатын, ғылым, технология, бизнес және әлеуметтік ғылымдар саласында жетекші университеттер.

11 сынып оқушысының жалпы иеленген грант құны  $4 614 000 құрайды. Бұл жетістік — Айсұлтанның табандылығы мен талпынысының, ата-анасының қолдауы мен ұстаздарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға